30 қыркүйек – Әділет органдарының төл мерекесі. Осыған байланысты барлық Әділет департаменттердің ардагерлерін және қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Әділеттіліктің ақ туын төмендетпейтін орган мамандары мерекені жетістіктермен жақсы жаңалықтармен қарсы алуыңа тілектеспін. Қызығы мен қиындығы мол әділет органдарында жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті жүктейді.


Заңгер мамандығы – менің бала кезімнен арманым болатын. Заңгер сөзі латын тілінен аударғанда – құқықтанушы, заң орнында жұмыс атқарушы әділ адам дегенді білдіреді. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келген жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау. Ата-бабаларымыз айтқандай «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» -деп бекер айтпаса керек.


Менде мамандық таңдаудан қателеспедім десем болады, 1994 жылы мектеп бітіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық Университетінің заң факультетіне түсіп, заңтану мамандығын алып шықтым. Еңбек жолын 1999 жылы Қармақшы аудандық жылжымайтын мүлік орталығында тіркеуші маман болып бастадым. 2000 жылы Қызылорда облыстық жылжымапйтын мүлік орталығына тіркеуші болып, ауыстым. 2001 жылы қыркүйек айында Қармақшы аудандық АХАЖ бөлімінің бас маманы, Әділет бөлімі және басқарманың бас маманы болып қызмет атқарып келдім. 2021 жылы қараша айында Қызылорда облысы әділет департментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, 2022 жылдың мамыр айынан бастап департаменттің құқықтық түсіндіру және халыққ заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келемін.


Заңгер мамандығы қыр-сыры мол мамандық себебі еліміздің заңдарын білу, әрбір жеке тұлғаның адам ретінде құқығын шектемеу. Өзіңді және өзгені қоғамдық орындарда ренжітпеуге, өзгенің құқығын таптамауға жол бермеу керек. Ол үшін адам бірінші өзін тәрбиелеуден бастау керек. Тәрбие болмаған жерде білім алу мүмкін емес, жастардың болашағы зор болмайды ендеше бірінші отбасыда дұрыс тәрбие алған адам ғана болашаққа қадам басады. Елбасымыз Заңгер болу арқылы қоғамда орын алған әділетсіздіктер мен заңсыз әрекеттерге жол бермеу.


Мектебімізде тоғызыншы сыныптан бастап адам, қоғам, құқық пәнін оқу басталды. Сол күннен бастап мен өз алдыма мақсат қойдым болашақ мамандығым жайлы көз алдыма елестетіп еліміздің тұңғыш атазаңы мен оның баптарын жаттап біліп жүруді әрбір азаматтың борышы деп білемін. Адам баласы өмірге келгеннен кейін қоғамның бір мүшесі болып табылады, табиғатпен тығыз қарым –қатынаста болады, қоғамсыз адам жеке тұлға болып қалыптаспайды. Әрбір жеке тұлға қоғамның бір мүшесі ретінде қалыптасады. Ендеше сол қоғамның негізі болып қабылданғандықтан қоғамдағы әрбір азамат заңға бағынып мемлекет алдындағы өз міндеттерін атқару керек.


Тәрбие басы тал бесік деп ата-бабаларымыз айтқандай адамзат бірінші тәрбиені отбасыдан алады, өз-өзін де тәрбиелеп отыру керек үнемі өсіп даму үшін көп оқу керек. Адамзат үнемі рухани жаңғырып өсіп отыру керек. Сол сияқты заңгер мамандығы да үнемі жаңаруды көп білуді талап етеді. Өз мамандығының білгір маманы болу үшін сол салада жұмыс жасайтын адамдармен жұмыс жасап өз біліктілігін арттырып отыру қажет. Қыр –сыры көп осынау заңгер мамандығын таңдап шатыспай сол салада білгір маман болып шығу, еліміздің болашағына маман ретінде өз үлесімді әлде де қоса алсам, Абай атамыздың айтқанындай –«сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» деген сөзін мен өзімнің өмірлік ұстанымым ретінде аламын.

Л.Жәмиева,


Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!