Фото: massaget.kz

Мамырда күн 40 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін, – деп хабарлайды 24.kz.

Казгидромет мамандарының айтуынша солтүстікте күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін, ал оңтүстікте +40 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.

Мамырда атмосфералық процестер жазға ауысады. Соның салдарынан күн құбылмалы болып, бірде қатты ысып, бірде суып кетуі мүмкін. Алғашқы онкүндікте күн ысығанымен, кейін кей уақытта екпінді жел тұрып, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

«Айдың көп бөлігінде жоғары температура көрсеткіші басым болады деп күтіліп отыр. Республикамыздың солтүстік жартысында күндіз ауа +25+35°C дейін ысуы мүмкін, оңтүстік жартысында +30+40°C дейін. Суық толқындар әсерінен ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде -5+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін, еліміздің батысында және оңтүстік жартысында түнде +5+15°C дейін, күндіз +16+26°C дейін», – деді Қазгидрометтің бірінші дәрежелі инженері Сымбат Өсер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!