Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу және таралуы бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесі шешімдер қабылдады:
– ғимараттарда міндетті түрде маска тағу режиімін алып тастау;
– медициналық ұйымдарда медициналық бетперделерді міндетті түрде киюді қамтамасыз ету;
– адам көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде, ұйымдасқан топтарда бетперде тағуға кеңес беріледі.
Отырыс соңында Ералы Тоғжанов қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі азаматтарды уақтылы вакцинациялау және ревакцинациялау болып табылатынын атап өтті. Ол әкімдіктерге коронавирустық инфекцияға қарсы екпе науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!