Дереккөз: Kazinform Фото: Pixabay.com
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры 2025 жылғы 1 тамыздан бастап жұмысшы мамандықтар жылына арналған байқауға өтінімдер қабылдауды бастады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.
Ведомствоның мәліметінше, байқаудың басты мақсаты – адал еңбегімен елге үлгі болған азаматтарды таныту, жұмысшы мамандық иелері мен олардың қызметін танымал ету, еңбекқорлық, адалдық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу.
Байқауға журналистер, блогерлер, контент-мейкерлер, видеографтар, мобилографтар, фототілшілер, теле-радио қызметкерлері, БАҚ редакциялары мен шығармашылық ұжымдар мына номинациялар бойынша қатыса алады:
• Үздік бейнеролик («Еңбек адамының бейнесі»)
• Үздік телесюжет (Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын ілгерілету)
• Үздік фоторепортаж (Шебердің бір күні)
• Үздік радио сұхбат (Еңбек адамымен сұхбат)
• Үздік публицистикалық мақала (Еңбек әулетінің жетістігі тарихы).
Әрбір номинация бойынша 3 жеңімпаз анықталады. Өтінім 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін www.mdq.kz сайтында қабылданады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!