Қызылорда қаласында 2025 жылғы 5–31 тамыз аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында оқушыларға арналған мектеп формаларының жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде өз өнімдерін «Ақжүрек мүгедектер қоғамы» ҚБ және «Бибі-Айша» тігін цехы ұсынады. Мектеп формалары нарық бағасынан төмен, сапалы әрі қолжетімді бағамен сатылады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған.

Өтетін орны: А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің жаны
Уақыты: 2025 жылғы 5– 31 тамыз аралығы

Баршаңызды жәрмеңкеге шақырамыз!
Балаларыңыздың жаңа оқу жылына дайын болуына бірге атсалысайық!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!