Фото: видеодан алынған скрин

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үлестік немесе мезониндік қаржыландыру алу кезінде мемлекет алдындағы қарсы міндеттемелері бекітілді. Бұдан бұрын қолдаудың осы түрлері бойынша қарсы міндеттемелер қойылмаған. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM.

— 2025 жылдың соңында Жоғары аудиторлық палата бизнесті мемлекеттік қолдау шараларына кешенді аудит жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне маңызды реттеуші олқылықты жою тапсырылды. Атап айтқанда, өнеркәсіпті ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді реттейтін қағидаларға өзгерістер енгізу және бұрын болмаған үлестік және мезониндік қаржыландыруға тарату, — делінген хабарламада.

Үлестік қаржыландыру — бұл мемлекет жобаға немесе компанияға ондағы үлеске айырбас ретінде ақша салатын механизм.Мезониндік қаржыландыру — кредит пен үлестік қатысу белгілері бар икемді гибридтік құрал.

Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасын орындау мақсатында биыл ақпанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен қажетті өзгерістер енгізілді.

Енді өнеркәсіп бизнесі мемлекеттік қаржыландыруды, соның ішінде үлестік немесе мезониндік қатысу нысанында ала отырып, өзіне мемлекет алдындағы нақты қарсы міндеттемелерді алуға міндетті.Бұл компаниялардың жауапкершілігін күшейте отырып, жұмыс орындарының санын арттыруға, өндірісті дамытуға және экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!