Фото: видеодан скриншот
ТЖМ бұйрығына сәйкес Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік қоры броньнан шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласынан эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік қоры броньнан шығарылды.
Сондай-ақ, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған әскери қызметшілер үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!