«Ай – Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып 2023 жылдың
22 қыркүйек күні  облыстық жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» дебат сайысы өткізілді.

Дебат -нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пікір алмасу, екі жақтың өзекті мәселелер бойынша пікірталас тудыратын идеялар қақтығысы. Қоғамдық пікірталастың бұл түрі дебатқа қатысушылардың бір-бірін емес, үшінші тарапты өздерінің дұрыс екеніне сендіруін қамтамасыз етуге бағытталған құрал. Пікірталасқа қатысушылар қолданатын аргумент, факт, идеялар аудитория  қойған мәселе бойынша белгілі бір пікір қалыптастыруға арналған инттелектуалды ойын түрі.

Сайыс Америкалық Парламенттік Форматта –  дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің қақтығысына түсесіздер. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция қаралуға ұсынылған қарарларды дұрыс бұрыс жақтарын қарады.

  1. Күн тәртібіне ұсынылған қараралар Б.П. Мемлекеттік қазметтегі сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюдың жаңа механизмін ұсынады;
  2. Б.П.  Мемлекеттік қызмет саласында халық үшін ашықтық бар деп есептейді;
  3. Б.П. Қ.Р. Мемлекеттік қызметші мәртебесі толық сақталған деп есптейді;
  4. Б.П. мемлекеттік қызметшілерге (ерлерге) әскерге бару міндетті деп есптейді;
  5. Б.П. мемлекеттік қызметшінің ең мықты образын ұсынады.
  6. Б.П. Қ.Р. ресми іс қағаздар 100%  қазақ тілінде болуы керек д.е.

Тақырыптар бойынша әрбір айтылған ой, жақсы идеяларды алдағы уақытта жүзеге асыру, жаңа жобалар құру үшін қоданылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!