Ғылым таппай мақтанба,                                   

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,   

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол!

(Абай Құнанбайұлы )

Дана Абайдың осы керемет дана сөзін оқыған сайын терең ойға берілемін. Жұмысы жоқ, бос уақыты бар кейбір жастардың жаман әдетке үйір  болатыны жиі айтылады.

Нашақорлық – қоғамды жайлаған қауіпті дерт. Оған құмарлық – жанның да, тәннің де құлдырауы.

Есірткі жолына түскен адам өзінің барлық жақсы қасиеттерінен ада болады. Достарынан қол үзіп, отбасын жоғалтады.Өзіне және өз жақындарына бақытсыздық әкеледі. Тіпті өмірден ерте қош айтысуға тура келеді.  Есірткімен айналысатын жандардың саны жылдан-жылға артуы әлем жұртшылығын қатты алаңдатып отыр. Нашақорлық еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Ең қынжылтатыны, кәмелетке толмағандар арасында  да ажал құрығына іліккендер қатары көбеюде.

Жас дос! Өміріңді қор ететін жаман әдеттен аулақ бол! Есірткі өміріңді қысқартады,  дәмін татқан соң өмір бойы соған тәуелді болып өтесің. Зиянын білсең де, қоя алмайсың.  Денсаулығыңнан айрыласың . Сананы да,тәнді де улап, зақымдайды. Таңғажайып өмір әлеміне деген қызығушылығың болмайды.

 «Есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды». Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек. Есірткісіз болашақ – ең жарқын болашақ. Болашағымыз нұрлы болсын десек, зиянды әдеттерден, есіртікіден бойымызды аулақ ұстайық. Салауатты өмір салтын ұстанайық!

Венера БАСЫМБЕКОВА,

Ж.Нұрсейітов  атындағы №233 орта  мектебінің

11 сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!