Фото: instagram.com/aidar_turgambek
Танымал әнші, «Жігіттер» квартетінің мүшесі Айдар Тұрғамбек «1001 түн» телебағдарламасына берген сұхбатында, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші алғаш қыз ұзатуға шыққанда бұл халыққа оғаш көрінгенін айтты.
«Ұзату той деген, қызды алып шығып, ұзату дегенді қателеспесем, 2010 жылы алғаш рет Астанада Жазира әпкеміз бастады. Оның сценарийін Жан-Мұқан деген кісі қойып берді. Бұл содан кейін дәстүр секілді болып кетті. Бұрын Шымкентте тек қызды ұзатуда айтылатын әндер болатын. Мен сол дәстүрді алып, «Қарындасқа» деген ән жаздым. Әнді менің айтқаным тойдағы халыққа өте оғаш көрінді, олар бұрынғыға үйреніп қалған. Кейінірек «бұл еркек адам, неге қызды ұзатады?» деген әңгіме шықты. Бірақ бұл бізде жаңалық емес, баяғыдан келе жатқан дүние. Сөйтіп қоғам кішкене үйренген секілді. Оған қоса, кейде әзілдеп, «мен ұзатқан қыздар қайтып келмейді» деп айтамын. Тастай батып, судай сіңіп кетеді, бәрінің 4-5 бала-шағасы бар, сондай-ақ мен ұзатқанда оны үйіне дейін апарып тастаймын», – деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!