Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов облыстық перинаталдық орталықта болып, Республика күні өмірге перзент әкелген аналарды құттықтады.

– Біз үшін ең бастысы нәрестелер мен аналар денсаулығының мықты болуы. Мереке күні дүниеге келген барлық сәбидің аман-сау, айтулы ел азаматы болып өсуіне тілектеспін. Қазақтың саны көп болсын! – деген ізгі тілеген білдірген Нұрымбет Аманұлы әрбір анаға жаңа туған сәби күтіміне арналған сыйлық табыстады.

Қазіргі кезде балалар мен аналарының денсаулығы жақсы. Мереке күні туған аналарды құттықтау шарасы аудандарда да жалғасуда.

Айта кетейік, «Республика күнінде» бір тәулікте облыс бойынша барлығы 55 сәби дүниеге келсе, оның 38-і – ұл, 17-сі – қыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!