Нидерланд астанасы Амстердамда Жаңа жыл түні 150 жылдық тарихы бар Vondelkerk шіркеуінде ірі өрт шықты, деп хпбарлайды «Адырна«

Алдын ала мәліметке сәйкес, тілсіз жау түнгі уақытта тұтанып, ғимараттың шатырын толықтай шарпыған.

Өрт салдарынан 150 жылдан астам тарихы бар шіркеудің бір бөлігі қирап, манарасы құлаған. Абырой болғанда, адам шығыны тіркелмеген.

Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Билік өкілдері оқиға мерекелік отшашулармен байланысты болуы мүмкін екенін айтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!