«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясыныңмамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді.
Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-ларда азаматтарды сәйкестендіруді қызмет алушы ұсынған құжат негізінде қызметкержүзеге асыратын. Енді рәсімдеу барысында азаматтың түрісуретке түсіріледі, одан кейіноны жүйе автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында сақталған суретпен салыстырады. Бұл қызмет көрсету барысында жалған суретті немесе телефон экранындағы фотосуретті қолдануға тосқауыл қояды.
«Біз мемлекеттік қызмет алу жүйесіндегі ашықтықты тек ішінара ететін және заңсыз әрекеттерге жол беретін адами факторды жойдық. Биометриялық сәйкестендіру – заң бұзушылықтар санын азайтып, мамандандырылған ХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға тікелей жол ашады. Бұл замануи технологиямемлекеттік қызмет көрсету жүйесін толығымен заңды әрі ашық етуге жасалған тағы бір қадам»,– деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, егер азамат биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса,жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бұғаттайды.
Еске сала кетейік, бүгінде мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-лардан бөлек электрондық үкімет порталы, сонымен қатар «ХҚКО» мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!