Фото: olympic.kz

Қазақстандық миллиардер Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ірі банктердің бірін сатып алмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дерекөздің мәліметінше, егер мәліме жүзеге асатын болса, Ким Ғалымжан Есеновтің үлесін сатып алу арқылы «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ға ие болмақ. Алайда дереккөз келісімнің жүзеге аспай қалуы немесе басқа стратегиялық инвестор табылуы мүмкін екенін ескертеді.

Вячеслав Ким – атақты Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстандағы ең бай адамдарының бірі. 2024 жылдың 1 сәуіріндегі дерек бойынша компанияның 21,4% үлесіне иелік. Сондай-ақ миллиардерге «Алсеко» АҚ-ның 90% тиесілі, ол арқылы «Астана-ERC» ЖШС, «ELTOP Soft» ЖШС және «ПОЗИТИВ Invest» ЖШС акциялары тиесілі.

3 сәуірде жарияланған Forbes жыл сайынғы миллиардерлер тізімінде ол 5,8 млрд доллармен 511-орында тұр. Ал Bloomberg миллиардерлер индексі бойынша Кимнің байлығы 6,7 миллиард доллар. Дереккөздің пікірінше, Ким Есеновке қарағанда жергілікті компанияларға берілген проблемалық несиелермен күресуге қабілетті.

Jusan Bank пен Есеновтің өзі ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеген. Басылымының сұрақтарына Ким мен Kaspi.kz өкілдері де жауап бермеген.

Егер Ким мен Есенов арасында келісім жасалса, Jusan Bank-тің алдағы стратегиясы жеке тұлғаларға емес, бизнесті несиелендіруге және ипотека сияқты кепілді несиелерге бағылттала отырып, Kaspi.kz-пен бәсекелестікті шектеуді жоспарлайды, дейді дереккөз. 

Jusan Bank осы жылдың басында Kaspi Bank-тің бұрынғы топ-менеджері Гүлмира Жұмадиллаеваны бас директор етіп алған еді. Ол 2007-2021 жылдар аралығында банктің бас директорының орынбасары қызметін атқарған. Kaspi.kz биыл АҚШ-тың қор нарығына енді, нарықтық құны шамамен 23 млрд доллар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!