Танымал қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.

Мәліметке сәйкес, 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Қайсар Бақытжанұлына іздеу 10 қаңтарда тіркелген. Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта іс бойынша өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетейік, блогердің Instagram желісінде 2,4 миллионнан астам, ал TikTok-та 340 мыңнан аса жазылушысы бар. Ол контентін көбіне Қазақстаннан тыс жерде жүріп жариялайды. Қайсар Камза өзін тревел-блогер ретінде таныстырады, сондай-ақ қазақстандық кино жобаларға да қатысқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!