Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Семей тұрғындарымен кездесуінде оған алдын ала дайындалған жаттанды сұрақтарды қоймауды сұрады.

Тұрғындармен кездесу барысында министрге мектепте қандай үйірмемен айналысқаны туралы  сұрақ қойылған. Жауап ретінде Асхат Аймағамбетов оған алдын ала дайындалған жаттанды сұрақтарды қоймауға шақырды.

«Мұндай сұрақтар болмауы керек. Қандай да бір проблемалық сұрақтар бар ма? Әрине, бар. Біз осындай мәселелерді талқылауға келдік, шешуге тырысамыз. Материалдық-техникалық базаға қатысты мәселелер бар, оқулықтармен, оқу бағдарламаларымен, аттестаттау мәселелерімен, сұрақтар көп. Бізге солар туралы айтыңыздар, келуіміздің басты мақсаты осы – келіп ашық сөйлесу. Бір-бірімізге дайын жаттанды сұрақ қоятынымыз ұят», деді министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!