Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі әлеуметтік желілерде “Zhanabylov_e” және “elt6i” аккаунттары арқылы блогерлер ұйымдастырған ұтысқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
“Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Лотерея және ойын бизнесін реттеу комитетіне азамат С.-дан аталған блогерлер өткізген бағалы сыйлықтар ұтысының лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру жөнінде өтініш түсті”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта блогерге ӘҚБтК-нің 743-бабының 1-бөлігіне сәйкес түсініктемеберу қажеттігі туралы хабарлама жіберілген. Нәтижесіне қарай әкімшілік іс қозғау мәселесі қаралады.
“Егер түсініктеме берілмесе, Комитет әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғайды”, – деп толықтырды министрлік.
Сонымен қатар, ведомство лотерея қызметін тек лотерея операторлары немесе олардың таратушылары ғана өткізе алатынын еске салды.
Қазақстандықтарға әлеуметтік желілерде ұйымдастырылатын күмәнді ұтыс ойындарына, гивтерге және басқа да шараларға қатыспауға кеңес берілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!