Зуялхан Гасановтың Түркістан облысының құтқарушыларынан Төтенше жағдайлар министрінеа қша жинау туралы мәлімдемесіне қатысты ТЖМ баспасөз қызметі жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатуышылықты іске асыру болып саналады. Бұған дейін Гасанов Зуялхан (2022 жылы) жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған болатын. Айта кету керек, бұл азамат қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкері емес, өйткені биылғы мамырда теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Ол бірнеше рет осындай мәселелер бойынша ТЖМ-ге жүгінді, бірақ тексеру нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады», – делінген ТЖМ мәлімдемесінде.
Министрлік осыған қарамастан, өтініште айтылған әрбір факт бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізілетінін хабарлады.
«Өз кезегінде ТЖМ өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша барлық қажетті шараларды жүзеге асырады және анықталған әрбір факт бойынша шаралар қабылдануда. ТЖМ-нің барлық жеке құрамына, атап айтқанда Түркістан облысының ТЖ департаментіне хабарлаймыз. Біздің министрліктің барлық қызметкері үшін WhatsApp мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тікелей телефон нөмірі +7 747 651 75 88 жұмыс істейді, жедел және шұғыл шешімдерді қажет ететін проблемалық мәселелермен жүгінуге болады. Өтініштің құпиялылығы сақталады», – деп хабарлады олар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!