Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 793 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 658,4 млрд теңге жұмсалған.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 497 мың адам.

«1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 143 097 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 491 теңге, базалық зейнетақы – 47 606 теңге», – деп жазылған хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!