Бүгін аймақ жастарына арналған «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы өтуде.

Мұнда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, түрлі оқытулар, мемлекеттік бағдарламалар, жастарға арналған жобалар туралы кеңес берілмек.

Айта кетейік, бұған дейін ұйымдастырылған бастама аясында жәрмеңке өтіп, 250-ден аса қызылордалық мамандығына сәйкес мекемелерге жолдама алған болатын. Қазір нарықтың сұранысына сәйкес жұмыс табудың оңай емесін ескерсек, бұл бастаманың тиімді тұсы мол екенін көрсетеді.

«АЖ» ақпарат

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!