Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Газдан қосылған құны жоғары өнім алуға баса мән беру қажет. Бұл туралы BIZDIÑ ORTA подкастында Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM.

– Біз көгілдір отынымызды Орынбор жеткізіп, оны сол жақта өңдейміз. Содан соң халыққа жеткіземіз. Сонда 30 жыл не істедік? Осыдан үш жыл бұрын Мемлекет басшысы газ өңдеу зауыттарымен айналысу қажеттігін нақты айтты. Бірақ әртүрлі себептермен созбалаңға салады. Ал зауыт салған азаматтарға шикізат жоқ. Зауыт салдырып жатырсың ба, онда инвестордың міндетті түрде шикізатпен қамтамасыз етілетініне сенімі болуы керек қой. Ал газды қай жақтан алады? Бізде газ балансы бар. Сол арқылы реттеуге болады. Президент те газдың бәрін сыртқа шығара бермей қосылған құны бар өндіріспен айналысу қажеттігін айтып отыр, – деді Мәжіліс депутаты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!