Sputnik. 5 наурыздан бастап «Отбасы банкінен» «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

Мақсаты алғашқы тұрғын үй сатып алуды қамтамасыз ететін бағдарламада мөлшерле 7–9% болады . Бағдарламаға соңғы бес жылда жылжымайтын мүлкі жоқ қазақстандықтар қатыса алады. Өтінімдер 31 наурызға дейін «Baspana Market» порталында қабылданады.

Бағдарламаға қатысу үшін жас пен мәртебе бойынша шектеу жоқ.

Қалай қатысуға болады

  • Отбасы банкінде депозит ашу (егер жоқ болса). Депозиттің мерзімі маңызды емес.
  • Депозитті 2 млн теңгеге дейін толтыру (өтінім берер алдында барлық соманы құюға болады).
  • Соңғы 5 жыл iшiнде өзiнде және отбасы мүшелерiнде (ерлi-зайыптыларда және кәмелетке толмаған балаларында) жылжымайтын мүлiктiң болмағанына тексеруден өту.
  • Соңғы 6 айдағы ресми табысты растау.

Бағдарламаның шарттары бойынша қарыз алушы бастапқы жарна болған кезде несие рәсімдей алады:

  • 10%-дан бастап – дайын баспананы сатып алу кезінде;
  • 20%-дан бастап – ішкі әрлеуі аяқталмаған немесе жаңа емес баспана сатып алу кезінде.

Ипотека бойынша мөлшерлеме тұрғын үй кезегінде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтары үшін – 7%, қалғандары үшін – 9%.

Несие 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қарыздың ең көп сомасы Астана мен Алматыда 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін қарастырылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!