Фото: ХҚКО
Наурыз мейрамын тойлауға байланысты Қазақстандағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО (МХҚКО) 21-24 наурыз аралығында жұмыс істемейді. Бұл күндері азаматтар мемлекеттік қызметтерді eGov порталы арқылы онлайн түрде ала алады.
25 наурызда тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Қызылорда қаласында кезекші ХҚКО жұмыс істейді. Олар 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚКО мекенжайлары: Астана даңғылы, 46; Мамандандырылған ХҚКО Тасбөгет кенті, Жанадария шатқалы, 91.
Ал 26 наурыздан бастап барлық ХҚКО-лар қалыпты жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетуді жалғастырады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!