Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Назарбаев университетінің атауын өзгерту туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл – фейк, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.

Тараған ақпаратта келесі жылдан бастап ЖОО «Қазақ репетиторлық және эмиграция ұлттық университеті» деп аталатын болатыны айтылған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл – фейк. Ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомстводан.

«Хабарламада «әлеуметтік ғылымдар деканы Шломо Рабби» туралы да айтылған. Шын мәнінде университетте мұндай қызметкер жоқ.

ЖОО-ның ресми сайтында жазылғандай, Назарбаев университетінің жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебін ғылым докторы Гонсало Хортелано басқарады.

2023 жылы «Орталық Азиядағы алғашқы гендерлік зерттеулер зертханасының» ашылғаны туралы да ресми ақпарат болған жоқ», – деп көрсетілген сайт ақпаратында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!