Жыл басында елдің тыныштығы бұзылып, күтпеген оқиғалар орын алғаны рас. Мұның барлығы бізді алаңдатады. Бірақ көптің тілегі орындалып, жағдай тұрақталу үстінде.

Ел – өзіміздікі, қала – ортақ үйіміз. Алдағы уақытта құзырлы органдардың тиісті шараларынан соң аймақтың белсенді жастары, еріктілер қаланы қалпына келтіру ісіне атсалысады. Бұл жұмыстар қазірдің өзінде қарқынды. Бұған дейін облыс көлемінде NEET санатындағы жастарды анықтау шаралары жүйелі жүргізілген болатын, ендігі кезекте аталған жастармен жеке-жеке кездесу ұйымдастырылып, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру бағыттары бойынша бастамалар жалғасады. Адрестік жұмыстар негізінде тиісті ұсыныстар жинақталып, жауапты органдарға жолданатын болады.

Президент Үкімет отырысында жалпы табыс пен жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған бастамалар да көзделетінін айтты. Мамандық таңдауға, оқуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету үшін халықтың әлеуметтік осал топтары мен NEET санатындағы жастарды «ерте анықтау жүйесін» енгізу көзделіп отыр. Ақпараттық жүйелердің көмегімен іске асырылып жатқан ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құруды және жұмысқа орналастыруды бақылауды қамтамасыз ету жоспарлануда. Ендігі кезекте жұмысқа орналасуда жастарға, әсіресе NEET санатына басымдық берілетін болады.

Талғат ТІЛЕС,

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!