Астана қаласының Мәдениет басқармасы қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Бостандық жырының бозжорғасы» атты республикалық ақындар мүшәйрасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл мүшәйра – ұлттық рух пен азат ойдың, еркіндік пен елдік жырдың мерекесі. Мүшәйраның басты мақсаты – өз дәуірінің өр дауысына айналған Несіпбек Айтұлының поэтикалық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты елдік рухта тәрбиелеу.
Мүшәйраның шарты бойынша әр ақын екі туынды ұсынады:
- Несіпбек Айтұлына арналған арнау өлең;
- Еркін тақырыптағы өлең (лирика, толғау, баллада және т.б.).
Жолданған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған, басқа әдеби байқауларға қатыспаған болуы тиіс.
Өтінім қабылдау тәртібі: Ақындар өз туындыларын astanapoets@gmail.com электронды поштасына жібереді. Хатқа қысқаша өмірбаяныңызды, байланыс телефоныңызды, екі өлеңіңізді қоса жолдауыңыз қажет.
Шығармаларды қабылдау мерзімі: 1 желтоқсанға дейін.
Бәйге жүлдесі төмендегідей:
- Бас жүлде – 1, жүлдесі – 3 300 000;
- Бірінші орын – 1, жүлдесі – 2 200 000;
- Екінші орын – 2, жүлдесі – 1 100 000;
- Үшінші орын – 3, жүлдесі – 660 000;
- Ынталандыру – 5, жүлдесі – 330 000.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
