Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ президенті Ян Миньюймен кездесті.

Басқосуда екіжақты қарым-қатынастарды жетілдіру мақсатында өңірдің мұнай-газ саласын дамыту, кен орындарын барлау және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын көтеру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Аймақ басшысы газды өндіруге және өңдеуге салынған инвестицияларға назар аударуды, компания жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы басты назарда екенін айтып, қызметкерлердің талабын ескере отырып, орнықты шешім қабылдау қажет екенін тапсырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!