Облыс әкімдерінің KPI-көрсеткіштеріне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі енгізіледі. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2022-2024 жылдарға арналған жоспарын талқылау барысында Үкімет басшысы ол құжаттың іске асуында өңір әкімдерінің жұмысы маңызды екенін атады. «Жоспарда көзделген іс-шаралар өңірлік даму жоспарларында да қамтылуы керек. Облыс әкімдеріне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты KPI бекітілуі тиіс. Жалпы, Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарының жобасында көрсетілген тәсілдерді мақұлдауды ұсынамын», – деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ, ол Ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған жоспарды әрі қарай пысықтап, бүгінгі талқылауды есепке ала отырып, Үкімет шешімінің тиісті жобасын енгізуді тапсырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!