Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарын Арал ауданынан бастап, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, тұрғындармен тілдесіп, пікір алмасты.
Алдымен аймақ басшысы 11 мыңнан аса халқы бар Сексеуіл кентіндегі теміржолшыларға арналған тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Мердігер компания «Базис-А» ЖШС 38 екі пәтерлі тұрғын үй салуда.
Қазіргі таңда оның 8-і пайдалануға берілсе, қалған 30 үйдің құрылысы жүргізілуде. Нысанда жүргізілген жұмыстарды саралаған өңір басшысы құрылысы аяқталуға жақын 8 үйді 15 мамырға дейін бітіріп, отбасыларға табыстау қажет екенін ескертті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!