Арал ауданына жұмыс барысында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржановтың «Суреттер сыр шертеді» тарихи мұражайының жұмысымен танысты.
Музей 2018 жылы жұмысын бастады, мұнда 500-ге жуық фотосурет пен тарихи жәдігер сақталуда. Оның ішінде балықшылардың тарихи фотосуреттері, республика, облыс және ауданға танымал қоғам қайраткерлерінің фото жинағы мен бұрынғы балық шаруашылығы министрі Құдайберген Саржановтың жеке заттары бар.
Сондай-ақ, мұражайда Арал теңізінің тарихына арналған экспонаттар сақтаулы тұр.
Құдайберген Саржанұлы – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Балық шаруашылығы министрі, Қызылорда облысының және Арал ауданының құрметті азаматы. Арал теңізінің экологиялық мәселесін шешуіне зор үлес қосқан ардақты азамат биыл 85 жас мерейтойын атап өтуде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!