Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.
Ұсақ құқық бұзушылықтан бастап ауыр қылмыстың «ізін суытпай» ашуға септігін тигізетін ішкі істер органдарындағы маңызды әрі қажет қызмет – Жедел басқару орталығы қызметі.
Бүгінде бұл орталық алдыңғы қатарлы құрылымдардың бірі. Полиция департаментінің барлық қалалық және аудандық бөліністерінде жаңа заманауи талаптарға сай келетін шағын жедел басқару орталықтары ашылды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге әр ауданға 77 дана бейнекамералар мен жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын 7 кешен орнатылды. Облысымыздың барлық аудандарында тұрғындардың темекі тұқылын тастау, қоғамдық орындарды ластау, жаяу жүргіншілердің арнайы жерлерден өтпеуін және автокөліктердің жол ережелерін бұзуын операторлар бақылайды.
Қылмыстың алдын алу және жедел ашу үшін ішкі істер органдарының қызметін цифрландыру қарқынды жүзеге асырылуда.
Аймақ басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндет екенін атап өтіп, орталықтардың жұмысын жетілдіру және тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!