Фото: Видеодан алынған скрин
KAZINFORM – Ақмола облысының Көкшетау қаласында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің электр қалқанында өрт шыққан.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті 6 шаршы метр аумақта жедел түрде сөндірді.
Кіреберістегі қатты түтінденуге байланысты ТЖМ қызметкерлері үш буынды сатының көмегімен терезе ойықтары арқылы 17 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарып қалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!