KAZINFORM – Өскеменде құрылымының кейбір жерін су басқан Шнайдер көпірі ішінара бүлінді.

Өскеменде көпір құлады
Фото: Өскемен әкімдігі

Осыған байланысты елді мекенде жергілікті деңгейде төтенше жағдай енгзілді.

Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері мен апаттан құтқару бригадалары жетті.

Қазіргі таңда апаттың салдарымен күрес мақсатында шұғыл шаралар қолданылып жатыр. Барлық күштер мен құралдар көпірді қалпына келтіру мен жағдайды тұрақтандыруға жұмылдырылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті деңгейде төтенше жағдай енізілді, – деп хабарлады қала әкімдігі.

Фото: Өскемен әкімдігі
Тұрғындарға апат болған ауданған бармауға кеңес берілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!