Фото: Әлихан Асқар/Kazinform
KAZINFORM — Өзбекстан 2030 жылға қарай елге келетін шетелдік туристер санын 20 миллионға дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
«Өзбекстан — 2030» жаңартылған стратегиясына сай, алдағы 4 жылда ресми Ташкент туризмнен түсетін пайданың ішкі жалпы өнімдегі үлесін қазіргі 3,5%-дан 7%-ға дейін ұлғайтуға мүдделі.Сонымен қатар, ел үкіметінің алдына туристік қызмет экспортының жылдық көлемін 6 млрд долларға жеткізу міндеті қойлып отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!