Өзбекстан 9 мамыр, яғни еске алу мен құрмет күніне орай, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 10 мың доллар бермек. Бұл туралы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің жарлығы президенттің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Жауапты министрліктер мен ведомстволарға Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылармен теңестірілген азаматтарға 25 миллион сум (шамамен 1930 доллар) беру тапсырылған.

Сонымен қатар, соғыс жылдарында майданда еңбек еткен жұмысшыларға 9 мамырға дейін 3 миллион сум (шамамен 230 доллар) беріледі.

Жарлық бойынша, ардагерлерді ынталандыруға байланысты барлық шығындар республикалық бюджет есебінен өтеледі.

Мирзиеев «Екінші дүниежүзілік соғыс Жеңісінің 80 жылдығын және еске алу пен құрмет күніне арналған шараларды ұйымдастыру туралы» қаулыға қол қойды. Құжатта Өзбекстанда бұл күннің кеңінен атап өтілетіні, соғыс пен еңбек ардагерлеріне, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлер мен құқық қорғаушыларға ерекше құрмет көрсетілетіні айтылған.

Өзбекстаннан Екінші дүниежүзілік соғысқа шамамен 2 миллион адам аттанған, олардың 538 мыңнан астамы қаза тапқан, тағы 158 мыңнан астамы хабарсыз кеткен. Республика тарихында 200-ге жуық әскери қызметкер мен құқық қорғаушы Отанының қорғаны үшін өз өмірлерін қиған.

«Біз әрқашан жүрегімізде әкелеріміз бен аталарымыздың шексіз батылдығын, төзімділігін және жанқиярлығын, сондай-ақ бейбітшілік пен тәуелсіздік үшін өз өмірлерін қиған ер жүрек ұлдарды сақтайтын боламыз», — делінген қаулыда.

9 мамырда бүкіл ел бойынша мерекелік іс-шаралар мен ардагерлерді құрметтеу ұйымдастырылады.

Үкіметке 1941-1945 жылдардағы соғыс қатысушыларына басқа қолдау шараларын көрсету тапсырылды. Олардың ішінде жалғыз басты және аз қамтылған ардагерлердің тұратын жерлерін жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу, тұрақты түрде медициналық көмек көрсету қызметін ұйымдастыру, бір қолдаушысы бар санаторийлерге тегін жолдамалар беру де бар.

Құжатқа сәйкес, Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен еңбек майданы ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар тапсырылады.

Президент Қорғаныс министрлігіне Ташкент қаласы әкімдігімен бірлесіп, 9 мамырда мерекелік сәлемдесу мен отшашу ұйымдастыруды тапсырды.

Өткен жылы Өзбекстанда Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушысына 18 миллион сум (шамамен 1,6 мың доллар) төленген. 2023 жылғы мәліметтер бойынша республикада 174 ардагер тұрған, 2024 жылдың мамырына қарай олардың саны 112 адамға дейін қысқарған.

Ал Қазақстанда былтыр республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгені құрады. Бұл ретте көптеген өңірде орташа мөлшерден жоғары сома төленді. Атап айтқанда, Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ІІ дүниежүзілік соғыс қатысушылары 2 млн теңгеден алды.

2024 дылы ел аумағында 148 соғыс ардагері болды. Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларына әлеуметтік қолдаудан бөлек, ай сайын 16 АЕК (2024 жылы 59 072 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!