Белгілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түрколог, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясын құратынын мәлімдеді.

«Партия «Қазақстанның халық конгрессі» деп аталады. Тіркеуден өту үшін Әділет министрлігіне құжаттарды жібердік», деді Олжас Сүлейменов.

Сонымен қатар ол жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін, әрбір қазақстандыққа ұлттық ресурстардан кепілдендірілген табыс түсуі қажеттігін атап өтті.

«Біз диалог алаңын құрдық. Оған әрбір қоғам мүшесін шақырамыз. Қуатты Қазақстанды дамытатын және оны жүзеге асыратын бағдарлама дайындадық. Мақсат – кемшіліктерді сараптап, оған қажетті қадамдар жасау», деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!