Қазақстанның әр аймағындағы су қоймаларында тасқын суды қабылдау үшін 14,3 млрд текше метр тасқын суды құятын бос орындар дайын. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәлірек айтсақ, су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның солтүстік, орталық, батыс және шығыс өңірлеріндегі су қоймаларынан бос орындар дайындап жатыр. Ал оңтүстік аймақтардағы су қоймаларына артық сулар құйылып жатыр.

«Қазір елдің солтүстігіндегі ірі су қоймалары орта есеппен 70%, орталық өңірлерде 68% толған. Батыстағы су қоймалардың 48%, шығыстағы қоймалардың 86% толған. Бүгінде республикадағы ірі су қоймаларындағы жалпы бос сыйымдылық 14,3 млрд текше метрден асады. Су тасқынында шамамен 9,1-13,9 млрд текше метр су асады деген болжам бар», – деп хабарлайды министрлік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!