Кaz.zakon.kz. Енді онлайн ақша аудару қиындауы мүмкін. Ұлттық банк төлем қызметтеріне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды.

Құжат Ашық порталында жарияланған. Ол жерде электрондық ақша иесіне оңайлатылған сәйкестендіру болмайтындығы көрсетілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Енді кез-келген адам міндетті түрде толық сәйкестендіруден өтеді. Бірақ, жобада процестің қалай жүргізілетіні жазылмаған.

Ал мүгедектігі бар адамдар үшін электрондық банкинг бұрынғыдан да ыңғайлы болмақ.

Жаңа нормаға сәйкес, банктер электрондық қызмет көрсету кезінде биометриялық аутентификацияны қолданады.

Бүгін жарияланған норма ақпанның 20-на дейін қоғам талқылауында болады. Кез-келген қазақстандық ашық порталына кіріп, пікір білдіре алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!