Фото: egemen.kz
Алматыда екі мопед пен жол талғамайтын көлік соқтығысты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Салдарынан 1 адам оқиға орнында көз жұмды.
Жантүршігерлік жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатының 13 сәуір күні сағат 19:20 шамасында Төле би мен Шәріпов көшесінің қиылысында болғанын мәлімдеді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, мопедтердің бірі көше қиылысында бағдаршамың тыйым салынған түсіне қарамастан шығып кеткен. Салдарынан 2003 жылы туған азамат сол жерде көз жұмды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!