Оқу-ағарту министрлігі елімізде TikTok желісіне қатаң шектеу қою туралы ұсынысты қолдайды. Бұл туралы бүгін оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, осы әлеуметтік желіні ойлап тапқан Қытайдың өзінде балаларға TikTok-та отыруға тәулігіне 40 минут қана уақыт беріледі. Бұған қоса бала білім және дамытатын контентті ғана қарай алады.
Осыған байланысты министрлік Мәжіліс депутаттарының кәмелет жасына толмаған балалар үшін TikTok-ты қатаң шектеу туралы ұсынысын қолдайды.
«Құқықтық алаң аясында, әрине, біз мұндай бастамаларды қолдайтын боламыз», – деді Жұмаділдаева Сенат кулуарында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!