АҚШ Киноакадемиясы “Оскар – 2026” сыйлығының номинанттар тізімін жариялады. Биыл басты мүсінше үшін танымал жұлдыздармен қатар жаңа есімдер де бақ сынайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Оскар – 2026” марапаттау рәсімі 15 наурыздан 16 наурызға қараған түні өтеді. Салтанатты кештің жүргізушісі тағы да Конан О’Брайен болады.
Биыл бірден бірнеше номинацияға “Грешники”, “Одна битва за другой”, “F1” және “Простая случайность” фильмдері ұсынылды. Бұл туындылар алдағы салтанаттың басты фавориттерінің бірі саналып отыр.
Екінші жоспардағы үздік әйел рөлі
Бұл санатта бес актриса ұсынылған:
- Эль Фэннинг – “Сентиментальная ценность”;
- Инга Ибсдоттер Лиллеас – “Сентиментальная ценность”;
- Эми Мэдиган – “Орудия”;
- Тияна Тейлор – “Битва за битвой”;
- Вунми Мосаку – “Грешники”.
Екінші жоспардағы үздік ер адам рөлі номинациясында марапатқа үміркерлер: Стеллан Скарсгард – “Сентиментальная ценность”, Джейкоб Элорди – “Франкенштейн”, Бенисио Дель Торо – “Битва за битвой”, Шон Пенн – “Битва за битвой” және Делрой Линдо – “Грешники”.
Үздік әйел рөлі номинациясы үшін Джесси Бакли – “Хамнет”, Роуз Бирн – “Я бы тебя пнула, если бы могла”, Кейт Хадсон – “Мелодия из мечты”, Рената Рейнсве – “Сентиментальная ценность” және Эмма Стоун – “Бугония” бақ сынаспақ.
Үздік ер адам рөліне номинанттар: Тимоти Шаламе – “Марти Великолепный”, Леонардо Ди Каприо – “Битва за битвой”, Итан Хоук – “Голубая луна”, Майкл Б. Джордан – “Грешники” және Вагнер Моура – “Секретный агент”.
Үздік режиссер
Жеңіс үшін таласатындар:
- Райан Куглер – “Грешники”;
- Пол Томас Андерсон – “Битва за битвой”;
- Хлоя Чжао – “Хамнет”;
- Йоаким Триер – “Сентиментальная ценность”;
- Джош Сэфди – “Марти Великолепный”.
Үздік бірегей сценарий номициясы үшін таласын фильмдер қатарында “Голубая луна”, “Простая случайность”, “Марти Великолепный”, “Сентиментальная ценность” және “Грешники” бар.
Үздік анимациялық фильм номинациясына үміткерлер: “Арко”, “Элио”, “K-Pop охотницы на демонов”, “Маленькая Амели” және “Зверополис 2”.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
