Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, үкімет «Отбасы банк» салымшыларға берілетін сыйақыны мемлекеттік бюджеттен емес, банктың өз қаражаты есебінен төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, салымшыларға берілетін сыйақыны қаржыландыру енді «Отбасы банктың» өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
«Осылайша біз бюджетке түсетін жүктемені азайтамыз. Ал салымшылар үшін ешқандай өзгеріс болмайды – олар бұрынғыдай сыйақыларын алады», – деді министр.
Мәди Такиевтің айтуынша, «Отбасы банк» мемлекеттік қаржы институты және оның қаржылық жағдайы тұрақты. 2024 жылы банктің таза табысы 120 миллиард теңгені болған, бұл өз кезегінде салымшылар алдындағы міндеттемелерді бюджет көмегінсіз орындауға мүмкіндік береді.
Министрдің дерегінше, банк құрылған сәттен бастап бюджеттен шамамен 900 млрд теңге бөлінген. Қолданыстағы үш жылдық бюджет аясында тағы 200 млрд теңге бөлу жоспарланған еді.
«Бұл уақыт ішінде банк клиенттер базасын едәуір кеңейтті – салымшылар саны он есеге өсіп, 2,1 миллион адамнан асты. Сондықтан қаржыландыру тәртібін өзгерту мемлекет шығынын азайтып, азаматтардың мүддесіне әсер етпейді», – деп түйіндеді Мәди Такиев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!