Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов «Отбасының цифрлық картасы» жобасының іске асырылуы туралы айтты.
Оның мәліметінше, бұл құрал әлеуметтік қауіп-қатер аймағындағы отбасыларды жедел анықтауға және оларға қажетті қолдау шараларын көрсетуге мүмкіндік береді.
«Жүйе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен деректерді жинайды, соның негізінде табыс, денсаулық, білім, тұрғын үй және әлеуметтік жағдайлар сияқты белгіленген критерийлер бойынша отбасының әл-ауқатын бағалайды. Бұл отбасылардың қажеттіліктерін автоматты түрде анықтауға және оларға тиісті әлеуметтік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», деді ол.
Бірінші вице-министр аталған бастамалар негізгі стратегиялық құжаттарда көрініс табатынын және халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасында, әзірленіп жатқан «Кәсіптік біліктілік туралы» заңда және Әлеуметтік кодексте заңнамалық деңгейде бекітілетінін атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!