Жазу жазып отырған бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қонаевта пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды. Оқиға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп жазады ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысы Қонаев қаласында екі жасар бала құтқарылғаны жайлы ақпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы парақшасында жарияланды. «Ересектердің қарауынсыз қалған бала пәтер ішінде қамалып қалды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кіріп, есікті ішінен ашты. Құтқарушылардың үйлестірілген әрекеттерінің нәтижесінде бала ата-анасына аман-есен табысталды. Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет емес», – деді ТЖМ баспасөз қызметінің өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!