Фото: istockphoto.com
Отбасы банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова Ислам ипотекасын енгізу жоспарда бар екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз барлығымыз мұсылманбыз. Туыс, көршілеріміз де бар. Олар пайыз қосуды харам дейді. Банктердің ішінде екі исламдық ипотека ашқандар бар. Біздің салымшылар да осындай өнімнің жасалуын қалайды. Біз заң бойынша оны қарастырып, 2025 жылы енгізуді жоспарлап отырмыз», – деді Сенаттың жалпы отырысының кулуарында Лаззат Ибрагимова.
Еске салсақ, исламдық ипотекасын 2010 жылы Қазақстан үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің келісімі бойынша құрылған алғаш рет Al Hilal Bank ұсынды. Исламдық банкингтің негізгі принциптері-пайда мен залалды бөлу және пайыздарға тыйым салу. Ислам қаржы институттары өз қызметін жүзеге асыруда шариғат қағидаттары мен және этикалық қағидаларды ұстануы керек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!