Фото: Наталья Зинченко/Kazinform

Павлодар әуежайының ғимаратындағы сауда алаңдарын жалға алу құны жыл басынан 15 пайызға қымбаттаған. Air Astana әуе компаниясы бұл шешіммен келіспей, мемлекеттік бақылаушы органға шағымданды.

Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қуат Өтеуов хабарлады.

«Департаментке «Павлодар әуежайының» сауда алаңдарын жалға беру жөніндегі қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша «Air Astana» әуе компаниясынан шағым түсті. Ол бойынша тергеу жүргізілді. Жалдау ақысының өсуінің негізгі себебі – еңбекақының, тазалау құралдарын сатып алу шығындарының ұлғаюы, коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі кейін тергеу Кәсіпкерлік кодексінің 224-бабы негізінде тоқтатылды», – деп мәлімдеді Қуат Өтеуов.

Дейтұрғанмен әуежайға 664 мың теңге айыппұл салынды. Бұған тергеу шеңберінде сұратылған ақпаратты 5 күннің ішінде ұсынбауы себеп болған.

Дереккөз, фото: KAZINFORM

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!