фото: egemen.kz
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы биылғы 1 қарашадан 2025 жылдың 15 ақпанына дейін түлкілерді, қарсақтарды және қояндарды аулау маусымы ашық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жабайы тұяқты жануарларды қабандар мен еліктерді аулау жалғасуда. Тұяқты жануарларды аулау тиісті аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшысының қатысуымен жүргізіледі.
Аң аулау кезінде әрбір аңшының өзімен бірге рұқсат беру құжаттары болуы тиіс: аңшы куәлігі, аң аулауға жолдама немесе аңшылық шаруашылығы ұйымының жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, атыс қаруын алып жүруге және сақтауға рұқсат, аң аулайтын жыртқыш құстармен аң аулау кезінде – аң аулайтын жыртқыш құстың паспорты.
Аңшылыққа берілген жолдама немесе жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жануарлардың басқа түрлеріне аң аулау жүргізілген жағдайда қасқырларды, шибөрiлерді, қарғаларды, сауысқандарды, үлкен суқұзғындарды, тағандарды, қаңғыбас иттерді аулау (ату) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты талап етпейді.
Аң аулауға тыйым салынатын аумақтарына Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Қызыл-Тау» мемлекеттік қаумалы, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, «Ертіс өзенінің жайылмасы» мемлекеттік кешенді қаумалы, Павлодар облысының аңшылық алқаптарының резервтік қорының аумағы, елді мекендердің жерлері, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері жатады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!