Павлодар облысы Май ауданында маркетплейст арқылы табыс тапқан мемлекеттік қызметкер жазаға тарытлды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«35 жастағы әйел өзгелерге шетелдегі онлайн дүкендерден тапсырыс қалай жасау керектігін үйреткен және оны өзінің парақшасында жарнамалаған. Ол мемлекеттік қызметте бір жыл жұмыс істеген. Сол уақыт аралығында кәсіпкерлікке бет бұрған. Нәтижесінде мемлекеттік қызметші теріс себептермен атқарып отырған мемлекеттік лауазымынан босатылды», деп хабарлайды Pavlodarnews.kz мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірдегі департаментіне сілтеме жасап.

Департамент жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Май аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы тарапынан ҚР заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамау фактісін анықтады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!