Павлодарда жарылыс салдарынан әскери қызметкердің өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«2022 жылғы 12 маусымда сағат 19:15-те 5512 әскери бөлімінің саябағында (Павлодар қ.) келісім-шарт бойынша әскери қызмет етіп жүрген аға сержант Айбек Тұрсымбаев жоспарлы жұмыс кезінде ауыр бас жарақатын алды. Қазір бұл факті бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қорытындысы бойынша қосымша хабарланады» деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

«Шығыс» қолбасшылығы аға сержант Айбек Тұрсымбаевтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!