Судья Сабыржан Каримов алаяқтық жасады деп күдікке ілінген Перизат Қайратқа қатысты сот процесі ішінара жабық түрде өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау туралы өтініш ішінара қанағаттандырылды. Негізгі сот талқылауын жалпы тәртіпте ашық сот отырысында 14 шілдеде өткізу белгіленсін», – деді Каримов кеңесу бөлмесінен шыққаннан кейін.
Сот процесінің кейбір бөліктерінде, нақтырақ айтқанда, айыпталушылардан алынатын жауаптарда құпия мәліметтер мен банк құпиялары болғандықтан шектеулер қойылады.
Негізгі сот талқылауын жабық түрде өткізу туралы өтінішті Перизат Қайраттың өзі берген. Айыпталушы сот залында фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды сұрады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!